2014 жылдың «ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ» ДЖУЛАМАНОВ ТАИР ДАУТҚАНҰЛЫ Джуламанов Таир Даутқанұлы техника ғылымдарының кандидаты, профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі. 1976 жылы «Тау- кен инженер – маркшейдері» мамандығы бойынша В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын тамамдады. ҚазССР Жоғары және арнайы орта оқу орны Министрлігінің жолдауы бойынша «Маркшейдерлік іс» кафедрасында жұмысқа қалдырылды. 1981-1982 жылдары ҚазССР Жоғары оқу орындар Министрлігінің жолдауы бойынша Мәскеу қаласындағы тау–кен институтының «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасында стажер мұғалім болып істеп біліктілігін арттырды, ал 1982 жылы сол Мәскеу қаласындағы аталған оқу орнына аспирантураға түсті. 1986 жылы Мәскеу қаласындағы тау–кен институтында «Жер асты қабырға» әдісімен тұрғызылатын жер асты құрылысын маркшейдерлік қамсыздандыру және тұрақтылығын болжау әдісін жасау» тақырыбында техникалық ғылымдар бойынша диссертация қорғады. Кандидаттық диссертация қорғағаннан кейін Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ – де ғылыми аға қызметкер, аға оқытушы, «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасында доцент болып қызмет атқарды. 2000 жылдан 2008 жылға дейін Қ .И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ – де техникалық пәндер бойынша инженерлік кадрларды қайта дайындау және біліктілігін арттырудың Республикалық орталығы директорының орынбасары болып қызмет атқарды. 2008 жылдан 2011 жылға дейін Қ .И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ Қашықтықтан білім беру институтының (ҚББИ) директоры болды. 2011 жылдан 2012 жылға дейін Қ .И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ «Қолданбалы геодезия және кадастр» кафедрасының профессоры болып қызмет атқарды. 2012 жылдан 2017 жылға дейін Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Жер ресурстары және кадастр» кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарды. 2017 жылдан 2019 жылға дейін Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Жер ресурстары және кадастр» кафедрасының профессоры болып қызмет атқарды. 2019 жылдан 2022 жылға дейін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «картография және геоинформатика» кафедрасының профессор м.а. болып қызмет атқарды. 2022 жылдан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «география, жерге орналастыру және кадастр» кафедрасының доценты болып қызмет атқарады.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
В.И.Ленин ат. Қазақ политехникалық институты |
Жоғары |
1976 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
Кандидат |
22.04.1986 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
---|---|
доцент |
23.06.2005 |
Сыйлықақылар атауы | Берілген күні |
Мемлекеттік грант " ЖОО үздік оқытушысы" | |
Ы.Алтынсарин төсбелгісі |
Файл атауы |
Тақырыбы |
Сипаттамасы |
---|---|---|
Геодезия |
УМК_силлабус_Геодезия_20-21_каз |
|
Инженерлік-геодезиялық зерттеулер |
Силлабус ИГИ каз. |
|
0
құжаттар
0